Accessibility links

Сепаратистер Донбастағы Украина кәсіпорындарына сырттай бақылау орнатпақ


Донбастағы көмір шахталарының бірі (Көрнекі сурет).
Донбастағы көмір шахталарының бірі (Көрнекі сурет).

Украинаның шығысында өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларының ресейшіл сепаратистері өз бақылауындағы аймақтарда орналасқан украин кәсіпорындарының үстінен «сыртай басқару» жүйесін енгізгенін мәлімдеп отыр. Донбастан Украинаның басқа аймақтарына көмір тасымалдау тоқтатылмақ.

Өздерін «ДХР» және «ЛХР» деп атайтын сепаратистердің жетекшілері біріккен мәлімдеме жасап, онда сепаратистер бақылауындағы территорияларды Украинаның басқа қалаларымен байланыстыратын теміржолдардың жабылуына байланысты осындай қадам жасағанын айтады. Аталған "республикалардың" билігі аймақтардың өндірісін Ресей нарығына бағыттауға уәде береді.

Украина жағы уақытша оккупацияланған деп санайтын Донбастың сепаратистер бақылауындағы аумақтарында заң жүзінде Украинаға қарасты бірнеше ірі зауыт мен ондаған шахта бар. Қаңтардың соңында украиналық ұлтшыл белсенділер Украинаның сепаратистер бақылауындағы аймақтарынан көмір сатып алуға қарсылық танытып, елдің шығысын басқа аймақтармен байланыстыратын теміржолдарды жаба бастаған. Ол бастаманы көтерушілер өздерін сепаратистерге қарсы операциялардың ардагерлері деп атайды. Олар Киевке бағынбайтын аймақтармен сауда жасауды тоқтатуды талап етеді.

XS
SM
MD
LG