Accessibility links

Иранда "діни мұраны қорлаған" профессор қамалған


Садеги Ниараки, Иранның Казвин қаласының прокуроры.

Иранда университет профессоры «діни мұраны қорлады» деген айыппен тұтқындаған. Ирандағы Казвин қаласының прокуроры Садеги Ниараки елдің сот органдарына жақын Mizan жаңалықтар агенттігіне имам Хомейни атындағы халықаралық университеттің аты-жөні аталмаған профессоры дәріс кезінде «қастерліні қорлайтын» сөз айтқан деп мәлімдеген. Оқиғаның осыдан «біршама уақыт бұрын» болғанын ғана айтқан Ниараки одан өзге мәлімет бермеген.

Иранда бұған дейін зиялы қауым өкілдері, белсенділер мен діни азшылық мүшелеріне де осындай айыптар тағылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG