Accessibility links

АҚШ бас прокуроры Ресей елшісімен байланысты дауға жауап қатты


Джефф Сешнс, АҚШ бас прокуроры.
Джефф Сешнс, АҚШ бас прокуроры.

АҚШ бас прокуроры, 2016 жылғы президент сайлауы кампаниясында Ресейдің АҚШ-тағы елшісімен кездесуіне байланысты дауға қалған Джефф Сешнс сайлауға Ресейдің ықтимал килігуін тергеуге қатыспайтынын мәлімдеді. АҚШ-та бас прокурор ішкі істер министрлігін де басқарады және Федералдық тергеу бюросының (FBI) қызметін бақылайды. FBI қазір Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін тексеріп жатыр. Конгресмендердің көпшілігі, демократтар мен республикашылдар да бірдей бас прокурор тергеуге бақылау жасаудан бас тартуы тиіс деп талап еткен.

Конгрестің қос палатасындағы Демократиялық партия өкілдері Сешнс сенаттағы тыңдауда ант бергенде жалған сөйледі деп, отставкаға кетуге ашық шақырып жатыр. Сенаттағы тыңдауда Сешнс сайлауалды кампаниясында Ресей билігінің ешбір өкілімен кездеспегенін және Трамптың сайлауалды штабынан кімнің мұндай байланыс орнатқанын білмейтінін мәлімдеген.

1 наурызда Сешнс Washington Post-та өзінің кездесуі туралы мәлімет жарияланған соң ұстанымын өзгерткен.

XS
SM
MD
LG