Accessibility links

Сербияда 2 сәуірде президент сайлауы өтеді


Александр Вучич, Сербия премьер-министрі.
Александр Вучич, Сербия премьер-министрі.

Сербияда 2 сәуірде президент сайлауы өтетін болды. Парламент спикері Майя Гойковичтің 2 наурызда мәлімдеуінше, 2 сәуірде өтетін дауыс беруде ешбір кандидат 50 пайыздан астам дауыс жинамаса, 16 сәуірде сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Болжам бойынша, іс басындағы премьер-министр Александр Вучич оппозициялық кандидаттарға бірден-бір әлеуетті қарсылас бола алады. Оппозициядан президенттікке түсуі ықтимал үміткерлер - бұрынғы сыртқы істер министр Вук Еремич, ультраұлтшыл Воислав Шешель, Сербияның бұрынғы омбудсмені Саше Янковичтің ешқайсысы Вучичке күшті бәсекелес бола алады деп саналмайды.

Сербия конституциясы бойынша, президенттің өкілеттілігі шектеулі және қазіргі президент Томислав Николичті көпшілігі Сербия саясатындағы маргинал фигура санайды.

46 жастағы Вучич Сербияда аса танымал және Сербияның халықаралық серіктерімен қарым-қатынас жасауда тәжірибесі бар. Вучич премьер-министр қызметінде Мәскеу мен Брюссельмен арадағы қарым-қатынаста балансты сақтап тұра алды. Ол күн тәртібіне Еуропамен жақындау саясатын шығаруда табандылық таныта алғандықтан Еуропа Одағы басшыларының көбі оны сенімді серіктес көреді.

XS
SM
MD
LG