Accessibility links

Назарбаев конституцияға өзгерістер енгізу жобасын парламентке ұсынды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Жиында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, парламентке билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы конституцияға өзгерістер енгізу жобасын ұсынды.

Назарбаев сөзінде бұл конституциялық реформада биліктің билік жүйесінің негізгі формасы өзгермейтінін, адам құқықтары мен еркіндігінің негізгі тұстары өзгеріссіз қалатынын айтты. "Қыруар қаржы, адам ресурсын шығындап референдум өткізудің және қоғамда саяси проблема тудырудың қажеті жоқ. Сондықтан конституция бойынша халық сайлаған депутаттар корпусы бұл заңдарды қарауға хақылы. Мен екінші жолын таңдадым" деді Назарбаев.

"Конституциялық өзгеріс енгізу Қазақстан қай бағытпен жүреді деген сауалға жауап болып тұр. Ол - демократиялық бағыт. Басқа елдер демократияға жүз жылдап жетті. Демократия біз үшін дамудың басы я соңы емес, ол - мақсатымыз. Біз оған біртіндеп, ақырындап жетеміз" деді Назарбаев.

Президент парламент депутаттарына конституцияға өзгерістер енгізу жобасын ашық және жария түрде қарау қажетін айтып, "Депутаттардан заң жобасын мүмкіндігінше, кейінге қалдырмай, заңда белгіленген барлық процедураны сақтай отырып қарауын сұраймын" деді.

XS
SM
MD
LG