Accessibility links

Өзбек соты жазасын өтеген құқық қорғаушыны тағы бес жыл түрмеде қалдырды


Агзам Фармонов, өзбекстандық құқық қорғаушы.

Өзбекстан соты ұзақ мерзімге сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатқан құқық қорғаушы Агзам Фармоновқа кесілген қосымша бес жыл түрмеде отыру жазасын күшінде қалдырды.

Фармоновтың адвокаты Абдурахман Ташановтың Азаттыққа айтуынша, Қарақалпақстан автономиялық республикасының Жоғарғы соты құқық қорғаушының бес жыл тағы түрмеде отыру жазасына берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмаған.

39 жастағы Агзам Фармонов 2006 жылы бопсалау айыбымен 9,5 жылға сотталған. Ол ұсталатын кезінде өзбекстандық Адам құқығы жөніндегі қоғамның Сырдария облысындағы бөлімшесін басқарып тұрған. Жақтастары оны кәсіби қызметіне байланысты қудалап отыр және саяси астары бар деп санайды.

Фармонов 2016 жылы бостандыққа шығуы тиіс еді, бірақ босауға бірер апта қалғанда сот "түрмедегі тәртібі нашар болды" деп тағы бес жыл қосып берген.

Өзбекстан сотының Фармоновқа қатысты шешімі бұл елдегі соңғы уақыттары саяси себептермен сотталған тұтқындарды жаза мерзімі аяқталған соң бірден босатып жіберу үрдісіне қайшы келіп отыр. Себебі бұрын саяси тұтқындарға жаза мерзімі аяқталған соң да Фармонов сияқты түрлі сылтаумен қосымша жаза кесу тәжірибесі Өзбекстанда жиі болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG