Accessibility links

Назарбаев Украина кенішіндегі апат құрбандарының қазасына көңіл айтты


Львов облысындағы көмір шахтасында болған апатта жер астында қалғандарды құтқару жұмыстары. Украина, 2 наурыз 2017 жыл.
Львов облысындағы көмір шахтасында болған апатта жер астында қалғандарды құтқару жұмыстары. Украина, 2 наурыз 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның Львов облысында көмір шахтасында болған апаттан жұмысшылардың қаза табуына байланысты құрбандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Кеше Украинаның батысындағы Львов облысындағы "Степная" көмір шахтасында метан газы жарылыс, сегіз жұмысшы қаза тапқан. Украина төтенше жағдайлар министрлігі тереңдігі 550 метрлік кеніште жарылыс болғанда 20 адам жер астында қалып қойғанын, бірақ олардың барлығы құтқарылғанын хабарлаған. Кеніш Польшамен шекарадан бірнеше километр қашықтықта орналасқан.

Оқиға орнына Украина премьер-миинстрі Владимир Гройсман барған.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан көңіл айту хабарламасында Назарбаевтың "жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны" айтылады.

XS
SM
MD
LG