Accessibility links

Женевада Сирия жайлы келіссөздердер кезеңі аяқталды


Сирия оппозициясының делегация мүшелері. Женева, 27 ақпан 2017 жыл.
Сирия оппозициясының делегация мүшелері. Женева, 27 ақпан 2017 жыл.

Женевада Сириядағы жанжалды бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздер кезеңі соңына жетті.

Он айдан бері алғаш рет аяқталған келіссөздер кезеңі аяқталғаннан кейінгі сөзінде сириялық оппозиция делегациясы басшысы Наср әл-Харири үлкен өзгеріс болмаса да, Сириядағы саяси реттеу проблемалары «тереңірек» талқыланғаны туралы мәлімдеді. Ол БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураның тұжырымында келтірілген жанжалды реттеу принциптерімен оппозицияның жалпы алғанда келісетінін айтқан. Әңгіме Сирия біртұтас, зайырлы және демократиялық мемлекет болуы тиіс деген мәселе жайлы да болып отыр.

Стаффан де Мистура келіссөздердің табысты болғанын айтып, Ресей, Иран және Түркия өкілдерінің белсенділігін атап өткен. Оның сөзінше, алты ай бойы тараптар жаңа конституция әзірлеудің жұмыс схемасы мен елде сайлау ұйымдастыру жайлы мәмілеге келуі тиіс. Сонымен бірге де Мистура тұрақты бітім орнату және «Ислам мемлекеті» тобы мен бұрынғы «Әл-Нусра майданы» тәрізді террорлық ұйымдарға қарсы күрес мәселелері алдағы уақытта Астанада өтетін кездесуде талқыланатыны туралы хабарлады.

XS
SM
MD
LG