Accessibility links

Қырғызстанда түрме қызметкерлері азаптау ісі бойынша сотталды


Бішкектегі түрме қақпасы. (Көрнекі сурет.)
Бішкектегі түрме қақпасы. (Көрнекі сурет.)

Бішкектің Октябрь аудандық соты мемлекеттік жазаны орындау қызметінің төрт қызметкерін адамды азаптағаны үшін айыпты деп танып, әрқайсысын жеті жылға бас еркіндігінен айырды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Үш жыл бұрын тергеу абақтысында қамауда отырған азаматтар құқық органдарына мемлекеттік жазаны орындау органы қызметкерлеріне қарсы шағым берген. Сот процесі барысында сотталушылар бостандықта болған және олар өздеріне тағылған айыптарды мойындамай келген. Наурыздың 2-і күні сот үкімі жарияланғаннан кейін олардың барлығы сот залында тұтқынға алынған.

Сотталушылар апелляциялық шағым беретіні я бермейтіні әзірше белгісіз.

XS
SM
MD
LG