Accessibility links

Қазанда проблемалық банктер клиенттері наразылық білдірді


Проблемалық банктер клиенттері Татарстан үкіметі үйі алдында тұр. Қазан, 4 наурыз 2017 жыл.
Проблемалық банктер клиенттері Татарстан үкіметі үйі алдында тұр. Қазан, 4 наурыз 2017 жыл.

Сенбі күні Ресей құрамындағы Татарстан республикасының астанасында осының алдында Ресей орталық банкі лицензиясын алып қойған бірнеше проблемалық банктің салымшылары бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін Татарстан сауда-өнеркәсіп палатасына жиналды. Олармен кездесуге әділет, экономика вице-министрлері, салық қызметінің өкілі және кәсіпкерлікті қолдау қоры басшысы келді. Салымшылар олардан республикада қалыптасқан ахуалды шешу үшін не істелініп жатқаны және проблемалық банктерге салған ақшаларын қалай қайтарып алатындары туралы сұрады.

Сауалдарына жауап ала алмаған соң екі жүзден астам адам Татарстан үкіметі үйіне барды. Ол талаптары жазылған өтінішті республика премьер-министрі Ильдар Халиковтің өзіне табыс етті деп хабарлайды "Idel.Реалии" сайты.

Қазандағы проблемалық банктер клиенттері наразылығы:

Татарстанда көлемі бойынша екінші орындағы «Татфондбанк», сондай-ақ ИнтехБанктің банкрот болуларына байланысты 35 мыңнан астам заңды тұлға мен оларда жұмыс істейтін 300 мыңға жуық адам зардап шеккен деп хабарлайды «Открытая Россия» сайты.

Банктер жұмысының тоқтауынан негізінен өндірушілер, шағын және орта бизнес өкілдері зардап шеккен. Олар қызметкерлеріне еңбекақы төлей алмай отыр. Көпшілігі қаржыны «Татфондбанкте» сақтаған. Бұл банктің бақылау пакетіне Татарстан үкіметі иелік еткен.

XS
SM
MD
LG