Accessibility links

АҚШ-тың 28 штатында Трампты қолдау акциялары өтті


Трампты қолдау акциясына қатысушы. Вашингтон, 4 наурыз 2017 жыл.
Трампты қолдау акциясына қатысушы. Вашингтон, 4 наурыз 2017 жыл.

АҚШ-тың 28 штатында ел президенті Дональд Трампты қолдау шерулері өтті. "Трамп үшін марш" (March 4 Trump) атты бұл акциялар Ақ үйдің жаңа басшысы биыл қаңтарда ұлықтау рәсімінен соң қызметіне ресми кіріскеннен бері елдің түрлі қалаларында тұрақты өткізіліп келе жатқан оған қарсылық шараларына жауап ретінде ұйымдастырылған.

Вашингтонда 150-ге жуық адам Ақ үйге дейін шерумен келген. Нью-Йоркте 200-ге тарта белсенді «Трамп-тауэр» зәулім ғимараты маңына жиналған. Осындай шерулер Колорадо, Мичиган, Миннесота, Огайо және басқа штаттарда өткен. Калифорнияда Трампқа наразылармен қақтығыстан кейін бірнеше адамды полиция ұстаған.

Өткен жылғы сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп биыл қаңтарда АҚШ президенті қызметін атқаруға кіріскелі бері көпшіліктің қатысуымен оған қарсылық акциялары өтіп келеді. Трамптың ұлықтауы болған күні әйелдер шеруіне, ұйымдастырушылардың дерегіне сәйкес, бүкіл әлем бойынша бес миллионға жуық адам қатысқан. Ақпанның соңында Twitter желісі арқылы жасаған үндеуінде Трамп жақтастарын өзін қолдау акцияларын өткізуге шақырған.

XS
SM
MD
LG