Accessibility links

Мәскеуде Путинге қарсы баннер ілген белсенділер ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Мәскеуде полиция көпірге "Путин - ол соғыс. Путин - ол өлім" деп жазылған баннер іліп кеткен белсенділер Екатерина Рыжик, Николай Игроков және Павел Кузнецовті ұстады. "ОВД-Инфо" құқық қорғау жобасының хабарлауынша, қазір олар полиция бөлімінде отыр.

Ақпанның соңында Чебоксары қаласында Борис Немцовті еске алу акциясына қатысқандар ұсталған. Олар көпірге "Барлығын бірдей өлтіре алмайсыздар. Барлығын бірдей қамай алмайсыздар" деп жазылған баннер ілген. Сот белсенділерді митинг өткізу тәртібін бұзды деп айыптап, айыппұл салды.

XS
SM
MD
LG