Түркия президенті Режеп Ердоған Германия билігін Түркиядағы президент билігін күшейту жөнінде референдум қарсаңында бірнеше агитациялық маршын өткізуден бас тартқаны үшін қатаң сынады. Ердоған Германияның саясатын нацистердің саясатымен салыстырды. Өткен аптада Германия билігі елде екі маршты өткізуге берген рұқсатынан қайта бас тартқан. Ресми Анкара бұл марштар кезінде Германиядағы бір жарым миллион түріктің қолдауына ие болмаққа үміттенген.
"Германия, сенің демократияға ешқандай қатысың жоқ және сенің іс-әрекеттеріңнің нацистік кезеңдегі саясаттан еш айырмасы жоқ. Біз бұл туралы айтқан кезде олар әбігерге түседі. Не үшін мазаларыңыз қашады?" деді Ердоған 5 наурызда Стамбулде өткен маршта.
Түркияда конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум 16 сәуірге белгіленген. Өзгерістердің мақсаты - президенттің атқарушы өкілеттілігін кеңейту. Мұндай жүйе АҚШ пен Францияда бар. Үкімет реформалар тұрақтылыққа жеткізеді деп санайды. Бірақ реформаға қарсылар конституцияға өзгерістер енгізілсе Түркия жеке-дара адам басқаратын елге айналады деп қауіптенеді.