Accessibility links

Гаага соты Украинаның Ресейге қарсы шағымын қарай бастайды


Авдеевка кентін артиллериядан атқылағаннан кейін қираған жайлар. Украина, 25 ақпан 2017 жыл.
Авдеевка кентін артиллериядан атқылағаннан кейін қираған жайлар. Украина, 25 ақпан 2017 жыл.

БҰҰ-ның Гаага сотында бүгін Украинаның Ресейге қарсы шағымы бойынша сот тыңдауы өтеді. Украина шағымында Мәскеуді Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдауын тоқтатуға міндеттеуді сұрайды. Киев Гаагадағы халықаралық сотқа қаңтардың ортасында шағымданған. Екі ел арасындағы дауды қарайтын Гаага сотының шешімі бірнеше жылда шығуы мүмкін.

Сот шешімі түпкілікті және міндетті болғанымен, оның орындалуын қамтамасыз ететін механизм жоқ. Киев Ресейді БҰҰ-ның терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл конвенциясын бұзды және Украинаның шығысы мен Қырымда кейбір топтарды қолдау арқылы дискриминация жасады деп айыптайды.

Мәскеу Украинадан Қырым түбегін 2014 жылы наурызда аннексиялап алған және содан бері Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдап келеді. Мұнда соғыс басталғаннан бері 9750-ден астам адам қаза тапты.

Кремль Киев пен Батыс елдері бұлтартпас дәлелі бар десе де Украинаның шығысына әскер мен әскери техника жібергенін мойындамайды.

АҚШ пен Еуропа Одағы елдері Мәскеуге Украинаға қатысты саясатына қарсы санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG