Accessibility links

Мирзияев ресми сапармен Түркіменстанға барды


Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.
Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруымен 6 наурызда Түркіменстанға барды.

Сапар барысында екі жақты кездесулер өткізу, мәдени шараларға қатысу жоспарланған. Сапар қорытындысында қос президент бірлесе мәлімдемеге, стратегиялық әріптестік туралы келісімге және екі жақты қарым-қатынасты бұдан ары дамытуға арналған бірнеше құжатқа қол қойылмақ.

Азаттықтың Түркімен редакциясы Шавкат Мирзияев Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Түркіменабадтағы Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовке арналған ескерткіш кешеннің ашылуына қатысатынын хабарлады.

Шавкат Мирзияев Өзбекстан президенті ретінде бірінші рет шетелге сапарлап отыр. Мирзияев президент болып 4 желтоқсанда, Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін өткізілген мерзімінен бұрын сайлауда сайланған.

Бұған дейін Шавкат Мирзияев Өзбекстан президенті ретіндегі алғашқы сапарын сәуірде Ресейден бастайтыны хабарланған. Кейін Мирзияевтің Ресейден бұрын Қазақстанға келетіні хабарланған.

XS
SM
MD
LG