Accessibility links

Атамбаев "парламентті тарату" идеясын қолдады


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте өткен салтанатты шарада ел парламенті - Жогорку Кенешті "өсек тарататын орган" деп атап, оны тарату идеясын қолдады. Атамбаев бұлы туралы бүгін "Ала-Арча" резиденциясында мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанатында айтты.

"Мысалы, 2-3 айдан бері Жогорку Кенеште бітпейтін депутаттық комиссия құрылып жатыр, тартыс басылмайды. Парламент мінберінен Атамбаевтың Кипрде байлығы бар, Атамбаевтың әйелінің есепшотындағы ақша 2011 жылдан кейін пайда болған деген өсек айтылып жатыр. Жогорку Кенеш күннен күнге заң шығарушы органынан өсек тарататын органға айналып келеді. Өткен аптада Бакыт Торобаев депутаттарға қайырылып, өзін-өзі таратуды ұсынды. Оның мұны тонаушы ағасын қолдап айтып отырғаны рас. Бірақ мен оның ұсынысын қолдаймын" деген Атамбаев.

Бішкек түбіндегі ауыл үстіне Түркия әуе компаниясының жүк тасымалдайтын ұшағы апатқа ұшырап, құлаған соң парламентте оппозициялық фракция жетекшісі Омурбек Текебаевтың ұсынысы бойынша ұшақтағы жүктің кімдікі екенін анықтайтын депутаттық комиссия құрылған.

Ресми билік ұшақтың Бішкекке техникалық себеппен қонғанын мәлімдеген. Бірақ оппозициялық "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі әуе компаниясының ұшақтың коммерциялық мақсатпен қонды деп хабарлағанына сілтеме жасап, бұған күмән келтірген. Комиссия жұмысының қорытындысы әлі жарияланған жоқ.

Кейін Текебаев коррупциялық қылмыс және алаяқтық жасады деген күдікпен қамалған. Парламентте оның қамалу мәселесін талқылау кезінде "Онугуу-Прогресс" фракциясының жетекшісі Бакыт Торобаев депутаттарға егер парламент мұндай маңызды мәселелерді талқылауға қауқарсыз болса "өзін-өзі таратуды" ұсынған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG