Accessibility links

БАҚ: FBI әділет министрлігіне аңду туралы айыптауға байланысты жүгінді


Джеймс Коми, FBI директоры.

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (FBI) президент Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обама әкімшілігін сайлау кампаниясы кезінде өзінің телефондарын тыңдады деп айыптаған соң әділет министрлігіне қайырылды деп хабарлады америкалық БАҚ.

New York Times 5 наурызда АҚШ-тың жоғары шенді шенеуніктеріне сілтеме жасап FBI директоры Джеймс Комидің әділет министрлігінен аңду туралы айыпты терістеуін сұрағанын, себебі онда FBI заң бұзды дегенге меңзейтін жалған тұжыры бар деп санайтынын хабарлады.

Associated Press агенттігі де аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап Комидің әділет министрлігіне өтініш білдіргенін жазды.

FBI әділет министрлігінің құзыретімен жұмыс істейді. Әділет министрлігі әзірге қандай да бір мәлімдеме жасамады, ведомсвоның баспасөз хатшысы комментарий беруден бас тартты. FBI де комментарий беруден бас тартты.

Ақ үй 5 наурызда президент Дональд Трамп конгрестен Барак Обама әкімшілігі 2016 жылы президент сайлауы кампаниясы кезінде өзінің тергеу өкілеттілігін асыра пайдаланған жоқ па деген мәселені анықтауды сұрағанын хабарлаған. 4 наурызда Трамп Обаманы Нью-Йорктегі өзінің кеңсесіне аңду құрылғыларын орнатуға бұйрық берді деп айыптаған. Бірақ президент айыптауына дәлел ұсынбады. Обаманың өкілі Трамптың тұжырымын "жалған" деп жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG