Accessibility links

Кремль АҚШ-тың "Ресейге қатысты мастануын" айыптады


Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы.
Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің АҚШ-тағы өткен жылғы президент сайлауына ықтимал килігуіне қатысты "ресми Вашингтон мен америкалық БАҚ-тардағы мастануды" айыптап, мұның екі жақты қарым-қатынасқа зиын келтіретінін мәлімдеді.

"Мен мұны эмоционалды экстремизм, Ресейді "зиянды" мемлекет етіп көрсету, Ресей елшісін "зиянды" елші деп таныту әрекеті дер едім. Және мен мұны ұлттық мүдделерімізге, яғни АҚШ пен Ресейдің мүдделеріне сай келеді деп ойламаймын" деді Песков 6 наурызда CNN-ге берген сұхбатында.

"Мұның барлығы, ресми Вашингтондағы, америкалық БАҚ-тардағы мастану - біздің екі жақты қарым-қатынасымызға үлкен зардап келтіреді. Келіссөзді қаншалықты ерте бастасақ, екі жаққа да соншалықты жақсы болмақ" деді Песков.

Оның сөзінше, АҚШ сияқты күшті елді өз сайлау кампаниясына "бөтен елдің хакерлік шабуылдар мен Демократиялық партияның сайлаудағы хаттарын әшкере ету арқылы килігуінен соншалықты әлсіреп қалудан қорқады" деудің өзі адам нанғысыз.

XS
SM
MD
LG