Иран қазақтары
Иран қазақтары 1920-1930 жылдары ұжымдастыру, ашаршылық кезінде Маңғыстаудан ауған. Олар Иранның Горган, Бендер-Түркімен, Гомбед деген қалаларына шоғырланды. Ирандағы қазақ диаспорасына 1980 жылдары Ауғанстаннан қашқан қазақ босқындары қосылды. Түрлі деректерге қарағанда, қазір Иранда үш мыңнан астам қазақ тұрады. Қазақстанға оралып жатқандары да бар.