Accessibility links

Қазақстандағы әйелдер жұмыс орнындағы бопсалау мен зорлықтың түрлі формаларынан әлі қорғалмаған делінген БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілі әрі үйлестірушісінің және БҰҰ-ның басқа да қызметкерлерінің 8 наурызда атап өтілетін Халықаралық әйелдер күніне орай жасаған үндеуінде.

"Бұл Халықаралық әйелдер күнінде біз Қазақстан үкіметін, азаматтық қоғам мен жеке меншік секторды әйелдердің жетістіктерін қолдап, проблемаларды мойындауға және жұмыс орындарындағы гендерлік теңдік пен әйелдер мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге шақырамыз" делінген БҰҰ-ның үндеуінде.

Үндеуде сонымен қатар Қазақстан заңнамасында "сексуалды бопсалау" деген түсінік жоқ екені, ал қоғамдық орындарда әйелдердің олардан қорғалмағаны айтылады. БҰҰ дерегіне қарағанда, қоғамдық орындарда сексуалды бопсалау жағдайларына куә болғандардың 25 пайызы ешқандай әрекет жасамасын айтады.

"Қазақстандағы шағын және орта бизнестің 44,2 пайызын әйелдер басқаратынына қарамастан, Дүниежүзілік банктің дерегі бойынша ірі корпорациялардың 4,2 пайызының ғана басшылары - әйелдер. Жалақыдағы гендерлік алшақтық 33 пайызды құрайды. Әйелдер әдетте ерлер істейтін жұмыстардан өзгеше жұмыстарды істейді және еңбек иерархиясында төменгі орындарда тұрады" делінген үндеуде.

БҰҰ ақпаратына қарағанда, Қазақстандағы әйелдер арасындағы жұмыссыздық ерлермен салыстырғанда жоғары деңгейде тұр. Білім беру, денсаулық және әлеуметтік салалардағы жалдамалы жұмысшылардың 70 пайызы - әйелдер. Әйелдердің көбі бейресми секторларда немесе үй шаруашылығында жұмыс істейді. Ал бұл "үй шаруашылығы нарығында жұмыс жұмысшы мен жұмыс берушінің ауызша келісімі арқылы атқарылады және жұмысшы әлеуметтік жағынан қорғалмайды".

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG