Accessibility links

Ресей Украинаны Қырымға байланысты айыптады


Гаага халықаралық соты Украинаның Ресейдің үстінен түсірген шағымын қарап жатыр. Нидерланд, 6 наурыз 2017 жыл.
Гаага халықаралық соты Украинаның Ресейдің үстінен түсірген шағымын қарап жатыр. Нидерланд, 6 наурыз 2017 жыл.

Ресей Украинаны "үш жыл бұрынғы Қырымның аннексиясын терроризм мен этникалық дискриминацияға теңеп, халықаралық сотқа жалған мәлімет беріп отыр" деп айыптады.

Осы аптаның басынан бері Нидерландтағы Гаага халықаралық соты Украинаның Ресейдің үстінен түсірген шағымын қарап жатыр. Киевтің арызына сәйкес, "Мәскеу Қырым мен Шығыс Украинадағы сепаратистерді қаржыландырып, терроризмге дем беріп отыр, әрі Қырым татарларын этникалық дискрминацияға ұшыратқан". Кремль бұл айыптарды мойындамайды.

Сот отырысы өтіп жатқан кезде ғимарат сыртында Донбасс үстінде атып түсірілген ұшақта туыстары қаза тапқан бір топ нидерландтық Ресейге қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды. Украина үш жыл бұрынғы бұл трагедияға Ресей мен ресейшіл сепартистер кінәлі деп мәлімдеп келеді. Мәскеу "бұл айыптаудың саяси астары бар" деп, оны теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG