Accessibility links

Франция мен Армения бірнеше келісімге қол қойды


Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Париж, 8 наурыз 2017 жыл.
Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) мен Франция президенті Франсуа Олланд. Париж, 8 наурыз 2017 жыл.

Франция мен Армения туризм, ғылыми зерттеулер салаларында бірнеше келісімге және Арменияда француз университетін ашу туралы уағдаластыққа қол қойды. Құжаттарға Армения президенті Серж Саргсяннің Парижге ресми сапары кезінде қол қойылды. Франция президенті Франсуа Олландтың сөзіне қарағанда, екі жақты кездесуде сонымен қатар Әзербайжаннан бөлініп шыққан Таулы Қарабақ аймағына қатысты жанжалды шешу мәселесі де талқыланған.

Олландтың мәлімдеуінше, таяуда тұтанған жанжалдың қайталанбауы үшін "тараптар ары қарай да жұмыс істеп, бір шешім табуға" ниетті. Өткен аптада Таулы Қарабақта шыққан қақтығыс салдарынан әзербайжандық бес сарбаз бен бір сепаратист-армян қаза тапқан.

Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал ондаған жылдан астам уақытқа созылып келеді. Таулы Қарабақта армяндар көп тұрады, бірақ аймақ Әзербайжанның халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасы аумағында орналасқан.

XS
SM
MD
LG