Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігінде "Сирияға адам жіберген" күдікті ұсталды


Қырғызстанның Ош қаласының көрінісі (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Ош қаласының көрінісі (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның оңтүстігінде Сиряи мен Ирактағы соғыс жүріп жатқан аймақтарға адам тартып, жөнелтумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды деп хабарлады Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне (МҰҚК) сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

МҰҚК мәліметіне қарағанда, Ош облысының Қара-Суу ауданында ұсталған 40 жастағы тұрғын "Жамаат Таухид уа Джихад" террористік ұйымының белсенді мүшесі саналады. Ұсталған адам тұрғындарды үгіт-насихаттап, оларды Сирия мен Ирактағы соғыс жүріп жатқан жерлерге террористік ұйымдар қатарында дайындықтан өтуге жіберді деген күдікке ілінген.

Соңғы мәліметтер бойынша, Сирия мен Иракта 600-ден астам қырғызстандық экстремистік топтар қатарында соғысып жүр. Қырғызстан ішкі істер миинстрлігінің ақпаратына қарағанда, экстремистік ұйымдардың 415 жақтасы арнайы есепте тұр.

XS
SM
MD
LG