Accessibility links

ЕО Қырғызстанға коррупциямен күреске 555 мың доллар бөлмек


ЕО туы (Көрнекі сурет)
ЕО туы (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағы (ЕО) Қырғызстанға коррупцияның алдын алу және қарсы іс-қимыл жобаларын іске асыруға 555 мың доллар бөлмек деп хабарлады ЕО-ның осы елдегі өкілдігі.

Жобаны Бішкекте 9 наурыздан бастап Еуропа кеңесінің және Қырғызстанның коррупциямен күрес органдары өкілдері бірге іске асыра бастайды.

Жобаның ұзақтығы 24 айды құрайды. Жобаларды Еуропа кеңесінің экономикалық қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық бойынша бөлімі іске асырады.

Жоба мемлекеттік органдардың коррупциямен күрес стратегиясын дайындап, іске асырудағы қабылет-қарымын арттыруды мақсат етеді. Бұл қызметке құқықтық көмек мәселелері бойынша тренингтер өткізу, коррупция фактілерін дәлелдеу тетіктерімен жұмыс және коррупция фактісі туралы мәлімет берген адамды қорғауға көмектесу шаралары кіреді.

XS
SM
MD
LG