Accessibility links

АҚШ сенаторлары Трамптың аңду туралы айыптауынан соң сұрау салды


Линдси Грэхем, АҚШ сенаторы.
Линдси Грэхем, АҚШ сенаторы.

АҚШ-тың екі сенаторы Федералдық тергеу бюросы (FBI) мен әділет министрлігіне президент Дональд Трамптың экс-президент Барак Обама әкімшілігі өзінің сайлауалды кампаниясы кезінде құпия тыңдады деген айыптауына қатысты қолда бар кез-келген ақпаратты көрсетуді сұрады. Республикашыл сенатор Линдси Грэхем мен демократ Шэлдон Уайтхаус бұл туралы FBI директоры Джеймс Комиге және бас прокурордың орынбасары Дана Боэнтеге хат жолдады.

"Әділет департаментінен бізге президент Трамптың, Трамп кампаниясының, я болмаса "Трамп Тауэр" кеңсесіндегі телефондардың тыңдалуына қатысты кез-келген сот ордері немесе бұйрықты беруді сұраймыз" делінген хатта.

АҚШ заңы бойынша, президент аңдуға тікелей тапсырма бере алмайды. Федералдық билік соттан телефондағы әңгімені тыңдауға рұқсат беруді сұрай алады, бірақ оның себебін көрсетуі тиіс.

8 наурызда өткен баспасөз конференциясында Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер "Трамп қандай да бір аңду нысаны болды ма?" деген сұраққа "Президент қандай да бір тергеу нысаны деп ойлауымызға ешқандай себеп жоқ" деп жауап берді.

Трампты сынайтындар оны "Обама әкімшілігінің өзін аңдығаны" туралы айыптауды өзінің Ресей билігімен ықтимал байланысын тексеруден көпшіліктің назарын бұру үшін көтерді дейді.

XS
SM
MD
LG