Accessibility links

Ақтөбеде жүк вагондары рельстен шығып, үш жолаушылар пойызы бөгелді


Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысы аумағында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетіп, үш жолаушылар пойызының қозғалысы бөгелді.

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысының Мақат станциясынан шыққан "ТенгизТрансГаз" фирмасына қарасты №2201 жүк пойызы таңертеңгі сағат 10 шамасында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы 142-жолайрығының Қарауылкелді өткелінде 11 вагоны рельстен шығып кеткен. Осының салдарынан рельс бүлініп, Маңғыстау-Ақтөбе, Атырау-Алматы, Астана-Атырау бағыттарындағы жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтаған.

Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Шара Спанованың Азаттыққа айтуынша, қазір рельсті қалпына келтіру жұмыстары аяқталып қалған. Жолаушыларға ыстық тамақ берілген.

Оқиға себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

XS
SM
MD
LG