Accessibility links

Фристайлшы Галышева әлем чемпионатында күміс алды


Юлия Галышева Испаниядағы әлем чемпионатында.
Юлия Галышева Испаниядағы әлем чемпионатында.

Фристайлдан Испанияның Сьерра-Невада қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Юлия Галышева параллельді могул бағдарламасы бойынша күміс медаль иеленді.

Ол жартылай финалда оңтүстік кореялық Сео Джанг Хваны 27:8 есебімен жеңді. Ал финалда франциялық Перрине Лаффонттен 17:18 есебімен жеңілді.

Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Дмитрий Рейхерд ширек финалдан өте алмады.

Юлия Галышева биыл Алматыда өткен қысқы универсиадада могул және параллельді могул бойынша алтын алған. Ал Саппорода (Жапония) өткен Азия ойындарында паралелльді могул бойынша чемпион атанды.

XS
SM
MD
LG