Accessibility links

Германияда тәжік азаматы терроризмге қатысты айыпталды


Интерполдың Махмадсаид Саидовты іздеген хабары.

Германиядағы Карлсруэ федералдық прокуратурасы дерегінше, Тәжікстанның 31 жастағы азаматы 2015 жылы ақпанда Сирияға барып, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына қосылған. Ол 2015 жылы "ИМ-нің Батысқа қарсы күресіне қосылуға" үндеген бірнеше видеоны YouTube порталына жүктеген дейді ТАСС.

Азаттықтың Тәжік қызметі аты-жөні айтылмаған бұл адам Махмадсаид Саидов деп біледі. Ол былтыр жазда тұтқындалып, қазір тергеу изоляторында отыр. Махмадсаид Саидов 2016 жылы күзде Германиядан өзін азаптайтынын айтып, отанына экстрадицияламауды сұраған. Тәжікстанда оның әйелі мен екі баласы қалған.

Махмадсаид Саидов Сирияға кеткенге дейін көлік жүргізген, одан соң Ресейге жұмыс іздеп кеткен. Тәжікстан оған "шетелде соғысқа қатысты" деген айып тағып, Германиядан қайтарып беруді сұраған.

Тәжікстаннан Таяу Шығыстағы соғысқа 1100-дей адам аттанып, 160-тан астамы сол жақта қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG