Accessibility links

Министр "әйелдерді кемсіту" туралы тұжырыммен келіспейді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің еңбекақысы арасында алшақтық бар деген тұжырыммен келіспейтінін мәлімдеді.

- Астана, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда облысында әйел мұғалімдер мен ер мұғалімдерге бірдей жалақы тағайындалған. Себебі оларда оқыту мен қызмет көрсету стандарттары бірдей. Ал егер тау-кен саласындағы денсаулыққа зиянды өндірістеріндегі жалақыны зиянды емес өндірісте жұмыс істемейтіндердің жалақысымен салыстырсақ, онда айырмашылық бар. Ол жұмыстың күрделілігімен, ерекшелігімен байланысты. Осыған байланысты мен жалақыда алалаушылық бар дегенмен келіспеймін, - деді Дүйсенова үкіметтегі баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауабында. Оның пікірінше, Қазақстанда "әйелдердің негізінен қызмет көрсету мен әлеуметтік салада жұмыс істейтінін" мойындау керек.

Алматыда 8 наурызда KazFem бастамашыл феминистік тобы өткізген маршқа қатысқандар елдегі ерлердің жалақысы әйелдердің жалақысынан 30 пайызға көп деп мәлімдеген. Акцияға қатысқандар әйелдер мен ерлер тең болуы тиіс деп ұрандатқан.

- Бізде әйелдер еңбегіне тыйынған жұмыстардың тізімі бар. Еңбек кодексі бойынша әйелдерге, аяғы ауыр әйелдерге, бір жасқа дейінгі, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге көптеген жеңілдіктер қабылданған. Мұның барлығы жалақыға әсер етеді. Сондықтан бұл жерде істелген жұмыс көлемін ескеруіміз керек сияқты, - деді Тамара Дүйсенова.

XS
SM
MD
LG