Accessibility links

FIFA: 2018 жылғы әлем біріншілігін Ресейден ауыстыруға себеп жоқ


Фатма Самура, FIFA бас хатшысы. Мәскеу, 5 наурыз 2017 жыл.
Фатма Самура, FIFA бас хатшысы. Мәскеу, 5 наурыз 2017 жыл.

FIFA бас хатшысы Фатма Самура 2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігін басқа елге ауыстырудың "еш себебі жоғын" мәлімдеді. Ол FIFA допинг дауына іліккен ресейлік футболшыларға қатысты әлі ақпарат күтіп отырғанын да айтты.

"Әлем кубогын өткізуге өтініш беру процесі әділетті болды және ол бұл шараны Ресейден қайтарып алуға себеп жоқ" деді Фатма Санкт-Петербургте таяуда ғана салынған футбол стадионының ашылу салтанатында. 68 мың көрермен сиятын стадионда биыл Конфедерация кубогы мен 2018 жылғы әлем біріншілігінің ойындары өтеді. "Бүгінгі шара Ресейдің тарихтағы ең жақсы Конфедерация кубогы мен әлем кубогын өткізуге қаншалықты мүдделі екенін көрсетті. FIFA да бойкот жариялатпау үшін қолдан келгеннің барлығын жасады және ол орындалды да" деді Самура.

Самура FIFA Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктен (WADA) "допинг жанжалына іліккен ресейлік бес футболшыға" қатысты ақпаратты әлі алмағанын айтты. "Біз дәлел мен футболшылардың аты-жөндері жариялануын күтіп отырмыз" деді Самура.

XS
SM
MD
LG