Ақтау қаласында орналасқан әскери бөлім матросы абайсызда қаза болған деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап sputniknews агенттігі.
«Наурыздың 10-ы күні абайсызда қару оғынан №29011 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы матрос М.А.Шишімбаев қаза тапты» делінген қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
Төтенше оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны хабарланды.