Accessibility links

ЕО саммиті соңында бірлескен мәлімдеме қабылданбады


Еуропа Одағы саммитінен кейін. Брюссель, 10 наурыз 2017 жыл.
Еуропа Одағы саммитінен кейін. Брюссель, 10 наурыз 2017 жыл.

Брюссельде наурыздың 10-ы күні Еуропа Одағының екі күндік саммиті аяқталды. Бұл жолғы саммит соңында бірлескен қорытынды мәлімдеме қабылданған жоқ. Арасында қауымдастық құрамынан биыл шығатын Ұлыбритания да бар, Еуроодаққа мүше 28 елдің басшылары кездескен саммиттің алғашқы күні Польша мазмұны қандай болатындығына қарамастан қорытынды мәлімдемеге қол қоюдан бас тартатыны туралы мәлімдеген.

Польша делегациясының мұндай ұстанымына осы елдің бұрынғы премьер-министрі Дональд Тусктің Еуропа кеңесі төрағалығына екінші мерзімге сайлануы себеп болған. Ресми Варшава Туск Еуропа кеңесінің төрағасы қызметінде Польшаның ішкі ісіне араласып, бейтараптылық принципін өрескел бұзды деп санайды. Тускті Брюссельдің Варшаваға қарсы санкцияларын қолдағаны үшін отандастары сынға алған. Еуропа кеңесі жетекшілігі Польша үкіметінің іс-әрекеті «демократия стандарттары мен заңның жоғарылығына» қайшы келеді.

Варшава Дональд Туск Берлиннің қысым көрсетуімен Еуропа кеңесі төрағасы болып қайта сайланған деп санайды.

XS
SM
MD
LG