Accessibility links

Беларусь соты төрт оппозиционерді әкімшілік қамауға алды


Беларусь оппозиционері Виталий Рымашевский «арамтамақ салығына» қарсы шеруде сөйлеп тұр. Молодечно қаласы, 10 наурыз 2017 жыл.
Беларусь оппозиционері Виталий Рымашевский «арамтамақ салығына» қарсы шеруде сөйлеп тұр. Молодечно қаласы, 10 наурыз 2017 жыл.

Беларусьтің Минск облысы Молодечно қаласында «арамтамақ салығына» қарсы өткен шеруден кейін билік оппозициялық белсенділерді әкімшілік жазаға тартты.

«Беларусь христиандық демократиясы» партиясын ұйымдастыру комитетінің теңтөрағасы Виталий Рымашевский сенбі күні 15 тәулікке қамалды. Және екі оппозиционер Юрий Губаревич пен Анатолий Лебедькоға да сот осындай жаза тағайындаған.

Наурыздың 10-ы күні «арамтамақтар еместер» шеруіне қатысқаннан кейін ұсталған Христиан-демократиялық қозғалысы жетекшісі Ольга Ковалькова да жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Бұл туралы белсендінің әкесі Александр Ковальковқа Молодчено қалалық милиция қызметкерлері хабарлаған.

«Арамтамақтар салығына» қарсы Беларусьте ақпаннан бері жаппай наразылық шерулері өтіп жатыр. Жаңа заң бойынша, ресми түрде жұмыссыз саналатын әр азамат жыл сайын мемлекет қазынасына 200 еуро шамасында салық төлеуі тиіс. Минск және басқа қалаларда өткен наразылық шерулерінен кейін Беларусь президенті Александр Александр "арамтамақтарға" салық салу туралы жарлығының күшіне ену мерзімін осы аптада бір жылға шегерген. Наразылар жарлықтың күшін толық жоюды талап етеді.

XS
SM
MD
LG