Accessibility links

Пак Кын Хе президент сарайынан кетті


Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің суреті бар инсталляцияны суретке түсіріп жатқан адамдар. Сеул, 10 желтоқсан 2016 жыл.

Оңтүстік Кореяның қызметінен шеттетілген президенті Пак Кын Хе бүгін президент сарайы – Көк үйден Сеулдегі жеке меншік үйіне кетті деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. Оңтүстік Кореяның саяси және бизнес элитасын дүрбелеңге салған коррупция жанжалына іліккен 65 жастағы Пак Кын Хе жұма, наурыздың 10-ы күні елдің Конституциялық соты парламенттің президентке импичмент жариялауын заңды деп танығаннан кейін қызметінен біржола шеттетілген.

Бұл жанжалға өткен жылы қазанда президенттің құрбысы Чхве Сун Сильдің мемлекет басшысына ықпалы туралы баспасөзде жарияланған деректер түрткі болған еді. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Чхве Сун Силь бірнеше жыл бойы мемлекеттік басқару ісіне араласып, саяси шешімдер қабылдауға ықпал еткен деген күдікке ілінген. Сонымен бірге, тергеу органдары президент құрбысына кейбір компанияларға қысым жасау арқылы өзінің бақылауындағы қорларға ондаған миллион доллар ақша аударуға мәжбүрлеген деген айып таққан. Оңтүстік Корея оппозициясы Пак Кын Хе құрбысы Чхве Сун Сильдің коррупциялық шырмауына ілінген немесе ең кемі ол жөнінде хабардар болған деп санайды.

2016 жылғы желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті коррупцияға батқан және билікті теріс пайдаланған деген айыпқа қалған президент Пак Кын Хеге импичмент жариялаған болатын.

Пак Кын Хеге импичмент жарияланған соң президент міндетін уақытша атқару премьер-министр Хван Ке-анға тапсырылған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG