Accessibility links

Дзюдошы Ислам Бозбаев Бакудегі жарыста алтын алды


Қазақстандық балуан Ислам Бозбаев (Суретті Қазақстан дзюдо федерациясы ұсынды).
Қазақстандық балуан Ислам Бозбаев (Суретті Қазақстан дзюдо федерациясы ұсынды).

Дзюдодан Бакуде (Әзербайжан) аяқталған Grand Slam (Гранд Слам) жарысында қазақстандық Ислам Бозбаев 90 килограмда алтын алды.

Ол өз тобында әзербайжандық Аслан Мирзаев пен голландиялық Ван Енд Иоалды жеңді. Ал жартылай финалда Турал Сафгулиевты (Әзербайжан), финалда Рио олимпиадасына қатысқан Маммадали Мехдиевті (Әзербайжан) ұтты.

Ислам Бозбаев 2015 жылы "жаттығу кезінде командалық режимді бұзды" деп айыпталып, Қазақстан дзюдо федерациясының шешімімен екі жылға құрамадан шеттетілген. Бір жарым жылдан кейін бапкерлер кеңесі оған кешірім беріп, Бозбаев құрамаға қайта оралған.

XS
SM
MD
LG