Accessibility links

Шаяхметова: "Халық банктің" "Казкоммерцбанкті" иелену ықтималдығы жоғары


Үміт Шаяхметова - "Халық банк" басқарма төрайымы

"Халық банк" "Казкоммерцбанк" банкіне қатысты Due Diligence процесін жүргізеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен жиында "Халық банктің" басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.

- Ұлттық банктің ойынша, "Казкоммерцбанктің" балансын тазалау және қалпына келтіру керек. Сондықтан "Халық банк" "Казкоммерцбанк" банкіне капитал салу қажет. Қанша капитал салатынымыз Due Diligence процесінен кейін анықталады. Бұл процесс екі-үш айға созылуы мүмкін, - деді ол.

Шаяхметованың пікірінше, "Халық банк" пен "Казкоммерцбанктің" иелену ықтималдығы - 80 пайыз".

- "Казкоммерцбанкті" жабу туралы сөз жоқ. Қос банктің де депозит салымшылары алаңдамаса болады, - деді Шаяхметова.

Due Diligence - бизнес сатып алу, екі компанияның бірігуі, мәміле жасасу кезінде инвестиция көлемін, қаржылық жағдайларды, шығындарды тексеру процесі.

Қаңтардың ортасында "Халық банкі" "Казкоммерцбанкпен" және оның ірі акционері Кеңес Рақышевпен мәміле бойынша алдын ала келіссөз жүргізе бастағанын хабарлаған. Екі банктің бір банкке бірігуді талқылап жатқаны туралы ақпарат құралдарында алғаш өткен жылдың қараша айында хабарланған. Ол кезде банктердің басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG