Accessibility links

Маккейн Трамп штабының телефондары тыңдалғанына дәлел сұрады


Джон Маккейн, америкалық сенатор.
Джон Маккейн, америкалық сенатор.

Америкалық республикашыл сенатор Джон Маккейн президент Дональд Трампты "арнайы қызмет экс-президент Барак Обаманың бұйрығымен сайлауалды штабымның телефондарын тыңдады" деген айыбын дәлелдеуге, болмаса айыбын қайтарып алуға шақырды. "Егер ол шындыққа жанаспаса, онда АҚШ президенті заңды өрескел түрде бұзған болып шығады" деді Маккейн.

"Қазір Дональд Трамптың айтқанына сенуіме еш негіз жоқ. Дегенмен, АҚШ президенті ЦРУ директорына немесе ұлттық барлау қызметінің басшысына тиісті тапсырмалар беріп, дереу жағдайды нақтылай алатындай шамасы бар" деді CNN-нен сөйлеген Джон Маккейн.

Ұлттық барлау қызметінің бұрынғы басшысы Джеймс Клэппер, Федералдық тергеу бюросының іс басындағы басшысы Джеймс Коми және Барак Обаманың өзі ресми өкілі арқылы Трамптың Манхэттендегі Trump Tower ғимаратында орналасқан сайлауалды штабының телефондарын тыңдау туралы айыпты жоққа шығарған. Трамп телефондарының "тыңдалғаны" туралы 4 наурызда Twitter-де жазған.

"Трамптың айтқандарын я былай, я олай деп кесімді жауабын бермей елеусіз қалдыру америкалықтардың өздерінің мемлекеттік институттарына деген сенімін бұзумен тең болған болар еді" деді сенатор.

Конгрестің өкілдер палатасының барлау жөніндегі комитетінің басшылығы бас прокуратурадан 13 наурызға дейін Трамптың сайлауалды штабы қызметкерлерінің телефондарын тыңдалғаны туралы кез-келген қолда бар ақпаратын көрсетуді сұраған.

XS
SM
MD
LG