Accessibility links

Кіші Кара-Мурза: Ресейге қайта ораламын


Кіші Владимир Кара-Мурза, Ресейдің оппозиция белсендісі.
Кіші Владимир Кара-Мурза, Ресейдің оппозиция белсендісі.

Ресейлік оппозиция белсендісі, белсенді кіші Владимир Кара-Мурза президент Владимир Путин билігіне қарсы күресін жалғастыру үшін Ресейге қайта оралу ниеті барын мәлімдеді. "Әрине, Ресейге ораламын. Мен - ресейлікпін, бұл менің елім және мен өзімнің әрі әріптестерімнің жасап жатқандарына сенемін. Біз көппіз" деді Кара-Мурза америкалық CBS телеарнасының 60 Minutes бағдарламасының эфирінде.

Кара-Мурза соңғы екі жылда аяқ астынан ауырып ауыр халде екі рет ауруханаға түскен. Туыстары мен жақтастары Кара-Мурзаны уламақ болды деп күдіктенеді. Ресейлік бұрынғы олигарх Михаил Ходорковскийдің "Открытая Россия" үкіметтік емес ұйымының үйлестірушісі Кара-Мурза Батыс елдерін Ресей билігі мен ресейлік БАҚ-тардың басшыларына санкция слуға бірнеше рет шақырған. Ол оппозициялық саясаткер, 2015 жылы ақпанда атып өлтіріп кеткен Борис Немцовтың саяси одақтасы болған.

Америкалық ықпалды сенатор, Владимир Путинге қарсы сыни пікірдегі республикашыл Джон Маккейн 7 ақпанда сенатта кіші Кара-Мурзаны "өз идеалдарын қатыгез әрі қауіпті автократияға қарсы қойғаны үшін" "кезекті рет анық улағанын" мәлімдеді.

Кара-Мурза CBS-ке өзінің Кремльді сынағандардың бірі екенін, сынағандарды атып кеткенін, улағанын, "өз-өзіне қол салғанын" айтты. "Өкінішке орай, көпшілігі құрбан болды. Менің жолым болды. Мен әлі осындамын, сізбен сөйлесіп отырмын. Серіктерімнің көбі бұлай ете алмады" деді Кара-Мурза.

XS
SM
MD
LG