Accessibility links

Тәжікстан: Прокуратура алдындағы жарылыстан ер адам қаза тапты


Қорған-Төбедегі жарылыс болған көше. Тәжікстан, 13 наурыз 2017 жыл.
Қорған-Төбедегі жарылыс болған көше. Тәжікстан, 13 наурыз 2017 жыл.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі Қорған-Төбе қаласында бір адам қаза тапқан жарылыстың себебін тексеріп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Тәжік редакциясы. Тәжікстан ІІМ ақпараты бойынша, Қорған-Төбенің 67 жастағы тұрғыны Хасанбой Рахмоновтың денесі 12 наурыз күні жергілікті сағат 22 шамасында Хатлон гарнизонының әскери прокуратурасы жанынан табылған. Оқиға орнын барлай қарап, жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Рахмоновтың жарылыстан мерт болғаны анықталған.

ІІМ ақпараты бойынша, Хасанбой Рахмонов технологиялық колледждің күзетшісі болып жұмыс істеген. Министрліктің баспасөз қызметі оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр дейді.

Бұған дейін жергілікті БАҚ Қорған-Төбе қаласының әлдебір тұрғыны облыстық әскери прокуратура алдында өз-өзін жарып жібергенін хабарлаған еді. ІІМ өз-өзін жарып жібергені туралы ақпар шындыққа жанаспайды дейді.

XS
SM
MD
LG