Accessibility links

Қазақстанның батысында Амал күнін тойлау басталды


Батыстағы көрісу мерекесінде кездесіп, құшақ айқастырған адамдар.

Қазақстанның батыс аймағында бүгін, наурыздың 14-і - Амал мерекесін тойлау басталды. Жергілікті халық дәстүр бойынша наурыз мейрамын тойлауды осы күні бастап кетеді.

Мұны жергілікті жерде "амал келді" деп атайды. Бұл күні тұрғындар бір-бірімен көрісіп, қыстан аман-есен шығуымен, жаңа жыл келгенімен құттықтайды. Бір-бірінің үйлеріне қыдырып, қонақ болады. Амандық-саулық тілеп, өкпе-реніштері болса, бір-бірінен кешірім сұрайды.

Амалды тойлаудан соң да "көрісу" мерекесі наурыз айы бойы жалғаса береді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG