Accessibility links

АҚШ-тың бірнеше штатында қалың қардан төтенше жағдай жарияланды


Массачусетс штатындағы қалың қар, АҚШ (Көрнекі сурет).
Массачусетс штатындағы қалың қар, АҚШ (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Нью-Йорк, Нью-Джерси, Пенсильвания және Вирджиния штаттарында қалың қар түсуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар Коннектикут, Род-Айленд, Массачусетс, Нью-Гемпшир, Мэн және Вермонт штаттарының кейбір бөліктерінде арнайы ескерту жасалды. Қарлы боран Нью-Йорк, Вашингтон, Бостон, Балтимор және Филадельфия әуежайларының жұмысына да кедергі келтіріп, бес мыңнан астам рейс тоқтатылды.

Боранның жылдамдығы сағатына 100 километрге дейін жетеді. Ауа-райының қолайсыз болатыны туралы 50 миллионға тарта адамға ескертілді. Германия канцлері Ангела Меркель Вашингтонға жоспарлаған сапарын 17 наурызға қалдырды. Меркель сапар барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі тиіс болатын. Елдің басқа да аймақтарында қардың қалың жауғаны хабарланып жатыр. Кейбір ақпар бойынша, Висконсин штатында қар тазалап жүрген екі адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG