2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) мектеп оқушылары арасында 89 өзіне-өзі қол салу оқиғасы тіркелген. Бұл туралы бүгін Шымкентте өтіп жатқан суицидтің алдын алуға арналған жиында ОҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Бурханов мəлім етті.
Ержан Бурхановтың мəліметінше, өз-өзіне қол салған 89 оқушының 36-сы жан тапсырған. 2015 жылы мұндай 90 оқиға тіркеліп, оның 45-і қайғылы оқиғамен аяқталған.
"Мəселе ата-ананың тəрбиесінде. Мектеп білім берумен жəне тəрбиемен айналысқанымен тəрбие ісін толық мойнына ала алмайды. Суицидтің негізгі себептерінің бірі - депрессия" дейді Ержан Бурханов.
Жиынға мектеп мұғалімдері психологтар прокурорлар мен дəрігерлер қатысып жатыр.