Accessibility links

Астанада полиция жедел профилактикалық тексеру шараларын бастады


Астана полициясы (Көрнекі сурет).
Астана полициясы (Көрнекі сурет).

Астанада 15 наурыз бен 1 маусым аралығында "Участок" жедел профилактикалық шарасы өтеді деп хабарлады қалалық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Ресми ақпарат бойынша, жедел профилактикалық шара қаладағы қоғамдық жағдайды жақсарту, оның ішінде экстремизм көріністерінің алдын алып, ескерту, тіркеусіз жалға берілген пәтерлерді анықтау, қарулардың сақтау мерзімін тексеру мақсатында жүргізілмек. Тексеру шараларына жалпы саны 400-ге тарта полиция қызметкерлері мен Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері қатыстырылмақ.

XS
SM
MD
LG