Accessibility links

Шымкент тұрғындарына наурыз көже таратылды


Наурыз мерекесіне арналған шарадағы қошқар көтеру сайысы. Шымкент, 15 наурыз 2017 жыл.
Наурыз мерекесіне арналған шарадағы қошқар көтеру сайысы. Шымкент, 15 наурыз 2017 жыл.

Бүгін Шымкенттегі Қошқар ата өзенінің бойында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара ұйымдастырылып, онда Қазақстан халқы Ассамблеясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы қала тұрғындарына наурыз көже таратты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, мерекелік шараға жиналған жұрт облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қалалық мектептердің ұжымы дайындап келген 100 литрден астам наурыз көжеден дәм татты. Одан кейін қолөнер бұйымдары көрмесі мен асыл тұқымды қошқарлардың көрмесі және ұлттық ойындардың сайысын тамашалады.

Ұлттық ойындардың ішінде арқан тарту, қазақша күрес және 50 килограмм тартатын қошқар көтеру сайысын тамашалағандар көп болды. Әсіресе, қошқар көтеру сайысы тартысты әрі қызықты өтті. Қошқарды 55 рет көтерген қала тұрғыны сыйға көтерген қошқарын алды. Қошқарлар көрмесіне қойылған қошқарлардың да мықтысы таңдалды. Бірінші орынға лайықты деп танылған қошқар иесіне сыйақы ретінде 300 мың теңге берілді. Екінші орынға – 200 мың теңге, үшінші орынға - 100 мың теңге табысталды.

XS
SM
MD
LG