Accessibility links

Алматы полициясы: "Сәбиін сатпақ болған" әйел ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда "жаңа туған сәбиін сатпақ болды" деген сезікпен бір әйел ұсталды деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментіне (ІІД) сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Ерлан Оралбековтің сөзінше, екі баласы бар 22 жастағы әйел жаңа туған сәбиін "2 мың долларға сатпақ болып, сатып алатын адам іздеген". Полиция бұдан соң сәби сатып алушы ретінде шыққан адам онымен сәбиді 2 мың долларға сатып алуға келісіп, әйелді "баланы сату кезінде ұстағанын" айтады. Әйел "баласы үшін төленетін ақшаның бір бөлігін алдын ала алып қойған".

Бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 135-бабының 1 тармағымен ("кәмелетке толмағандар саудасы") іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG