Accessibility links

Астана: Сирия оппозициясы келіссөзге келмейтін болды


Астанада өткен Сирия бейбіт келіссөзіне қатысушылар. 15 наурыз 2017 жыл.

Сирия қарулы оппозициясының делегациясы Астанада өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзіне келмейді деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов. Оның сөзінше, оппозиция өкілдерінің Астанаға келмейтіні туралы ақпарат кеше кешке түскен.

Астанада үшінші рет өткен Сирия бейбіт келіссөзі 14 басталып, 15 наурызда аяқталады деп жоспарланған еді. Кездесудің алдында Сирия қарулы оппозициялық топтары Сирия үкіметі мен Ресейді бітімді орындамай отыр деп айыптап, келіссөзге қатыспайтынын мәлімдеген. Бірақ кеше екі күндік келіссөзді қорытындылаған брифингте Ресейдің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев оппозиция делегациясы 16 наурызға қараған түні Астанаға келуі мүмкін екенін айтқан. Ол осыған байланысты келіссөзге қатысып жатқан Ресей, Түркия және Иран делегацияларының бір бөлігін Астанада қалдыратынын жеткізген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG