Accessibility links

Астанада алматылық әйел ұлына Қазақстан азаматтығын беруді талап етті


Алматы тұрғыны Әлия Әркешова үкімет үйінің кіреберісінде пикет өткізіп тұр. Астана, 16 наурыз 2017 жыл.
Алматы тұрғыны Әлия Әркешова үкімет үйінің кіреберісінде пикет өткізіп тұр. Астана, 16 наурыз 2017 жыл.

Астанада бүгін Алматы қаласының тұрғыны Әлия Әркешова АҚШ-та туған екі жастағы ұлына Қазақстан азаматтығын беруді талап етіп наразылық акциясын өткізді. Акция үкімет үйінің тексеру-өткізу пунктінің холында өтті. Әркешова қолына "ұлының Қазақстан азаматтығын алу құқығын қорғауға" шақырған плакат ұстап шықты.

35 жастағы Әлия Әркешова, ұлын 2015 жылы АҚШ-тың Майами штатында туғанын айтады. Оның сөзінше, сол кезде Қазақстанның Вашингтондағы дипломатиялық өкілдігіне жүгінгенінде ондағылар өзіне ұлының Қазақстан азаматтығын алуы екі айдан үш айға дейін созылатынын айтқан. Әркешова сол кезде өзінің қаржысы таусылғандықтан ұлына шамамен екі апта уақытқа ғана созылады деп ойлап АҚШ азаматтығын алуды сұрағанын айтады.

Алматыда миграциялық полицияға барғанында өзінен ұлының америка азаматтығынан бас тартуын талап еткен. Оның сөзінше, АҚШ заңдары бойынша, ата-анасы баласына азаматтықтан бас тартқыза алмайтындықтан бұл талапты орындау қиын. Ал Қазақстан заңдары бойынша қос азаматтыққа рұқсат жоқ.

Әркешовамен кездесуге шыққан, өзін үкіметтің қауіпсіздік бөлімінің қызметкерімін деп таныстырған Геннадий Зуев әйелге 17 наурызда сағат 15-те мәселесін айтып жазбаша хат жолдауын сұрады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG