Accessibility links

Алматыда Әблязовтің сыртынан алдын ала сот тыңдауы басталды


"БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов пен банктің бұрынғы топ-менеджерлерінің алдын ала сот тыңдауы өтіп жатқан Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты. Алматы, 17 наурыз 2017 жыл.
"БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов пен банктің бұрынғы топ-менеджерлерінің алдын ала сот тыңдауы өтіп жатқан Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты. Алматы, 17 наурыз 2017 жыл.

Алматыда бұрынғы банкир, қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязов пен "БТА Банкінің" бұрынғы топ-менеджерлерінің үстінен алдын ала сот тыңдауы басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Алдын ала тыңдау "БТА Банктің" директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов, бұрынғы басқарма төрағасы Сәдуақас Мамеш пен банктің несие беру бойынша бұрынғы директоры Қайрат Садықовтың үстінен басталды.

Алматының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында басталған алдын ала тыңдау ашық түрде өтіп жатыр. Тыңдауға Әблязовтің адвокаты Әжіғұлова, Жарымбетовтің Өстеміров, Мәмештің адвокаттары Клименко және Ким, Садықовтың адвокаты Тәңірберген, "БТА Банкінің" өкілі, айыптаушы үш прокурор қатысып жатыр.

Алдын ала тыңдау ашық болғанымен, айыпталушылар мен олардың адвокаттары өздерін суретке және видеоға түсіруге қарсы болды.

Сотта адвокат Әжіғұлова Әблязовтің қайда екенін білмейтінін айтты. Бұдан соң судья Мәртбек Кәкімжанов қатысушылардың барлығынан процесті Әблязовсіз жүргізуге қатысты пікірін сұрады. Сотты Әблязовтің сыртынан өткізуге ешкім қарсылық білдірмеді.

XS
SM
MD
LG