Accessibility links

Афина: Бомба жасырылған хат ХВҚ-ға Грекиядан жіберілген


Париждегі Халықаралық валюта қорының кеңсесі жанында хатқа жасырылған бомба жарылғаннан кейін жүрген полиция қызметкерлері. Франция, 16 наурыз 2017 жыл.
Париждегі Халықаралық валюта қорының кеңсесі жанында хатқа жасырылған бомба жарылғаннан кейін жүрген полиция қызметкерлері. Франция, 16 наурыз 2017 жыл.

Грекия билігі 16 наурызда Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Париждегі кеңсесінде жарылған хатқа жасырылған бомбаның Грекиядан жіберілгенін мәлімдеді.

16 наурызда ХВҚ кеңсесіне келген хатты ашқанда жарылыс болып, ХВҚ-ның оны ашқан қызметкері жеңіл жараланған. Төтенше оқиғадан кеңсе қызметкерлері эвакуацияланған.

Грекияның қоғамдық тәртіп министрі Никос Тоскас хатқа жасырылған бомба Грекиядан - осы елдің оппозицияшыл консерватор депутаты Вассилис Кикилиастің атынан жіберілгенін хабарлады.

Париж прокуратурасы "тергеушілердің хаттан Грекия маркасының жұрнақтары тапқанын" айтады.

Бұған дейін Грекияның "Өрт сөндірушілердің астыртын әрекеті" деп аталатын анархистік тобы 15 наурызда Германия қаржы министрлігіне бомба жасырылған хат жолдағандарын мойындаған. Ол жарылыстан ешкім жараланбады.

Франция президенті Франсуа Олланд екі оқиғаның бір-біріне ұқсайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG