Accessibility links

Түркия Ресейдің Қырымды аннексиялауын айыптады


Қырым татарлары Стамбулдағы Ресей консулдығы алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Түркия, 13 қазан 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Қырым татарлары Стамбулдағы Ресей консулдығы алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Түркия, 13 қазан 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Түркия сыртқы істер министрлігі Ресей Қырымды заңсыз аннексиялап алды деп мәлімдеп, Украина территориясының тұтастығын құрметтеуге шақырды.

Ресейдің Қырымды аннексиялағанына үш жыл толған шақта Түркия сыртқы істер министрлігі сайтында жарияланған хабарламада Анкараның түбектегі Қырым татарларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастыра беретіні айтылған

Ресей Қырымды 2014 жылғы наурызда аннексиялап алған. Әлемнің көптеген елдері және БҰҰ Ресей бұл әрекетін заңсыз деп санайды. Түркия да Қырымды Ресейдің бөлігі деп танудан бас тартқан. Қаңтар айында Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкара бұл мәселеге байланысты ұстанымын, тіпті Ресеймен ынтымақтастықты қайта қалпына келтіргеніне қарамастан, еш өзгертпейді деп мәлімдеген.

Наурыздың ортасында Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Ердоған Мәскеуде келіссөз өткізген. Екі ел басшылары өзара ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды талқылаған.

XS
SM
MD
LG